Жол апатына тап болған кезде әрбір жүргізуші немесе жол қозғалысына қатысушы заңға қатысты көптеген сұрақтар мен қиындықтарға тап болады. Біздің «Жол апаты кезінде заңгерлік кеңес беру» атты қызметіміз осындай жағдайларда кәсіби заңгерлік қолдау көрсетуге арналған. Біз орын алған жайтты шешудің әр кезеңінде білікті көмек пен қолдауды қамтамасыз ете отырып, жол-көлік оқиғасына қатысты барлық аспектілерді түсінуге көмектесеміз.
● Жол апатының күрделі немесе даулы жағдайларында. ● Жол апатының басқа қатысушыларымен немесе сақтандыру компанияларымен келіспеушіліктер болған кезде. ● Залалды бағалау және оны өтеуге көмек қажет болған жағдайларда. ● Сот ісі кезінде құқықтар мен мүдделерді қорғау қажет болғанда. ● Құқық қорғау органдарының жол апатын тергеу сатысында кәсіби қолдау қажет болған жағдайда.
Алғашқы кеңес: Құқықтық позицияны анықтау, жол апатының мән-жайын талдау. Қажет болған жағдайда компаниянымыздың заң кеңесшілері қосымша басқа да қажетті қызметтерді ұсына алады:
Сақтандыру компаниялары мен құқық қорғау органдары үшін өтініштер, түсініктемелер, шағымдар жасауға, сондай-ақ қажетті құжаттарды жинауға көмектесу.
Сақтандыру төлемдеріне қатысты мәселелер бойынша көмек және сақтандыру компанияларымен байланысу.
Жол апатының басқа қатысушыларымен, сақтандыру компанияларымен келіссөз кезінде және сотта клиенттің мүдделерін білдіру.
Жол апатының нәтижесінде туындаған залалды бағалау және оны өтеу мәселелері бойынша кеңес.
Біз клиенттеріміздің сенімін бағалаймыз және біздің мамандардың жеке тәсілдеріне, құпиялылығына және жоғары кәсіби деңгейіне кепілдік береміз. Біз үшін сіздің қауіпсіздігіңіз және сіздің құқықтарыңызды қорғау маңызды.