ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ: 19 ҚАЗАННАН БАСТАП ӨЗГЕРІСТЕР

2026 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстанда міндетті техникалық тексеруді өткізудің жаңартылған қағидалары күшіне енеді. Бірыңғай цифрлық жүйе Көлік құралы туралы деректер мен диагностика нәтижелері бірыңғай цифрлық жүйеге тіркеледі. Бұл техникалық тексеруді өткізуге бақылауды күшейтеді. Тексеру уақыты белгіленді мотоциклдер мен жеңіл тіркемелер (L, O-1) — 15 минутқа дейін; жеңіл автомобильдер (M-1) — 20 минутқа дейін; ірі көлік және коммерциялық көлік — 30 минутқа дейін. Диагностикалық картаңыз жоғалып кетті ме? Техникалық тексеруден қайта өтудің қажеті жоқ. Оператор жоғалған немесе бүлінген картаның телнұсқасын қайта диагностикасыз 15 минут ішінде беруге міндетті. Өзгерістер техникалық тексеру рәсімін неғұрлым ашық ету және оның нәтижелерінің шынайылығына бақылауды күшейту мақсатында енгізілді. Ал техникалық тексеруден кейін жолда қиындыққа тап болсаңыз, LiTRO жаныңызда. Көмек пен қолдауды шынымен қажет болған сәтте алыңыз.