LiTRO жаңалықтар

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АСЫРҒАН ҮШІН АЙЫППҰЛ

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АСЫРҒАН ҮШІН АЙЫППҰЛ

1 қаңтардан бастап елімізде АЕК мөлшері өзгерді, тиісінше жылдамдықты асырған үшін айыппұл да өсті! Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жылдамдық шегі 10 км/сағ құрайды, ал одан асып кеткен жағдайда айыппұл салынады: 10-нан 20 км/сағ-қа дейін – 5 АЕК (15 315 теңге). 20-дан 40 км/сағ-қа дейін – 10 АЕК (30 630 теңге). 40 және одан да көп км/сағ – 20 АЕК (61 260 теңге). Ал, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайталап 20 шақырымнан асырған болсаңыз, айыппұл 30 АЕК (91 890 теңге) құрайды. Құрметті жол пайдаланушылар! Жылдамдықты сақтаңыз және қыста жолдарда абай болыңыз!