LiTRO қызметтері DomAvto платформасында қолжетімді

DomAvto — автокөлік жүргізушілеріне арналған платформа. Мұнда хабарландырулардағы көрнекі бейнешолулар арқылы автокөлікті таңдап, сатып алуға, VIN-коды мен мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша көлікті жылдам тексеруге, өз автокөлігіңізді сатылымға шығаруға, сондай-ақ қажетті көлікті іздеу және жан-жақты тексеру үшін кәсіби автокөлік таңдау қызметіне тапсырыс беруге болады. Енді DomAvto пайдаланушылары үшін мүмкіндіктер одан әрі кеңейді — платформада LiTRO компаниясының тәулік бойы жолда көмек көрсету қызметтері қолжетімді. DomAvto мен LiTRO серіктестігі автокөлік иелерінің өмірін одан әрі жеңілдетеді: көлікті қауіпсіз таңдау мен сатып алудан бастап, оны күнделікті пайдалану және күтпеген жағдайларда қажетті көмек алуға дейін. DomAvto арқылы тексерілген автокөлікті таңдаңыз — LiTRO Қазақстанның барлық аумағында тәулік бойы, 24/7 жолдағы қауіпсіздігіңіз бен қажетті көмекті қамтамасыз етеді.