LiTRO жаңалықтар

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРУ

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРУ

1 қаңтардан бастап елімізде АЕК мөлшері өзгерді, сәйкесінше жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл да өсті! Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жылдамдық шегі 10 км/сағ құрайды, ал одан асып кеткен жағдайда айыппұл салынады: 10-нан 20 км/сағ-қа дейін – 5 АЕК (17 250 теңге). 20-дан 40 км/сағ-қа дейін – 10 АЕК (34 500 теңге). 40 және одан да көп км/сағ – 20 АЕК (69 000 теңге). Ал, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайталап 20 шақырымнан асырған болсаңыз, айыппұл 30 АЕК (103 500 теңге) құрайды. Құрметті жол пайдаланушылар! Жылдамдықты сақтаңыз және қыста жолдарда абай болыңыз!