LiTRO жаңалықтар

ҚОЗҒАЛТҚЫШТАҒЫ ШУЫЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

ҚОЗҒАЛТҚЫШТАҒЫ ШУЫЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Қозғалтқыштағы шуыл — неге? 🧐 Шуылдың көптеген себептері болуы мүмкін және олар әртүрлі жұмыс тәртіптерінде пайда болулары ықтимал. Біз сізге ең көп таралған себептер жазылған тізімді дайындадық: Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштағы тұрақты шуыл: • генератор белдігі; • салқындату жүйесінің помпасы; • ГБМ элементтері; • ГБМ шынжыры; • иінді білік; • иінді білік шкивінің диафрагмасы; • байланыстырушы ішпектер; • клапан; • негізгі мойынтіректер; • жанармай инжекторлары; • дизельдердегі ЖҚЖС. Оталдыру барысындағы шуыл: • генератордың белдігінің созылуы; • дизельдердегі білік мойынтіректері; • гидрокомпенсаторлар; • поршеньдер. Қыздыру кезіндегі шуыл: • поршеньдер; • дизельді қозғалтқыштарда – иінді білік; • гидрокомпенсаторлар. Бос жүріс барысындағы шуыл: • помпа; • ГБМ шынжыры. Газды басқан кездегі шуыл: • генератор белдігі. Жүктеме кезіндегі шуыл: • фазалық ауыстырғыштар; • клапан. Майды ауыстырғаннан кейінгі шуыл: • қозғалтқыш майы дұрыс таңдалмаған немесе ауыстырылған. Руль дөңгелегін бұру кезіндегі шуыл: • РГБ жүйесіндегі сұйықтықтың төмен деңгейі немесе оның сорғысының істен шығуы.