LiTRO жаңалықтар

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖИНАҒЫНЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖИНАҒЫНЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап Қазақстанда автокөліктер үшін кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат алу тәртібі өзгерді. Өз қажеттілігі үшін автокөлік әкелетін жеке тұлғалар үшін: кәдеге жарату жинағын автокөлікті еркін айналысқа шығарғанға дейін төлеу қажет; төлем жасалғаннан кейін кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат ресімделеді — бұл кәдеге жарату жинағы бойынша міндеттемені орындағанын растайтын электрондық құжат. Өндірушілер мен импорттаушылар сертификатты автокөлікті алғаш рет тіркегенге дейін алуы қажет. Егер автокөлік алғаш рет тіркелгенге дейін өткізілсе, сертификат оны өткізгенге дейін алынуы тиіс. Өзгерістер ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысымен енгізіліп, 2026 жылғы 11 қыркүйекте жарияланды.