АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТОҚТАУ АЛАҢДАРЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

16 тамыздан бастап қалада тұрақ (паркинг) кеңістігінің жаңа ережелері қолданысқа енді. Жүргізушілерге не білу маңызды? Минуттық төлем Төлем енді тұрақтау сеансының әрбір минуты үшін есептеледі. Алғашқы 5 минут тегін Тротуар бойындағы тұрақтарда жолаушыларды түсіру/отырғызу және жүк тиеу/түсіру үшін алғашқы 5 минут тегін беріледі. Одан ұзаққа тоқтасаңыз, алғашқы 5 минутты қоса алғанда бүкіл тұрақтау сеансы төленеді. Шығуға 10 минут Алаңдық тұрақтар мен паркингтерде төленген уақыт аяқталғаннан кейін тек шығу үшін ғана 10 минут беріледі. Сағат 20:00-ге дейін Тротуар бойындағы ақылы тұрақтар сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кімге тұрақ тегін? Жеңілдіктер белгіленген санаттарға — ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы аналарға, электр көлігінің иелеріне және шұғыл қызметтерге — қарастырылған. Кейбір санаттар үшін тұрақтау рұқсатын ресімдеу қажет. Тұраққа жақын тұрғын үй тұрғындарына Көппәтерлі үйлердегі үй-жайлардың меншік иелері мен жалдаушылары тұрған жерінен 500 метр радиусында орналасқан бір таңдаған коммуналдық тұрақты бір пәтерге бір көлік үшін тегін пайдалана алады. Бұл ретте нақты орын көлікке бекітілмейді. Рұқсатты «Алматы Паркинг» және eOtinish сервистері арқылы ресімдеуге болады.