КӨЛІККЕ МҰЗ ҚҰЛАДЫ. НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Көлікке қар, мұз немесе сүмелек мұз түссе не істеу керек? Егер сізде КАСКО болмаса, не істеу керек, кінәлілерді қалай табуға болады және соғылған көлік үшін өтемақы алу үшін не білу керек? Ең алдымен, көлікке зақым келтірген сүмелек мұз құлаған ғимараттың кімге тиесілі екенін анықтау қажет. Бірнеше нұсқа бар: 1️. Егер бұл мемлекеттік мекеменің/ұйымның ғимараты (аурухана, ХҚКО, сот және т. б.) болса, онда залал үшін онда орналасқан мемлекеттік орган/ұйым жауап береді; ⠀ 2️. Егер бұл жеке компанияның ғимараты болса (банк, дүкен, кез келген басқа компания), бұл ұйым залалды өтеуі керек; 3️. Егер бұл тұрғын үй болса, онда кондоминиум объектісін басқару формасына байланысты (басқарушы компания, МИБ (ПИК) немесе қарапайым серіктестік болуы мүмкін) олардың барлығы кондоминиум объектісін басқару міндеттерін атқарады және сізге келтірілген зиян үшін жауап береді. Әрекет алгоритмі: • Мүлікке зиян келтіру фактісі бойынша хаттама толтыру үшін осы ауданның учаскелік полициясын (жол полициясы емес) шақырыңыз. • Егер сізде КАСКО немесе автокөлікті ерікті сақтандырудың басқа түрі болса, міндетті түрде апаттық комиссарды шақырыңыз. • Бағалаушы автокөліктің залалына тәуелсіз бағалау жүргізуі қажет (мүдделі тұлғаларды тәуелсіз бағалауға қатысу қажеттілігі туралы алдын ала хабардар ету (бағалау жүргізілетін күнді, уақытты және орынды көрсету). • Жағдайды сипаттай отырып және залалды ерікті тәртіппен өтеуді талап ете отырып, ғимарат иесіне екі данада сотқа дейінгі талап жасау және ұсыну, бағалаудың, хаттаманың (оқиға материалдарының) көшірмелерін қоса беру. • Бiр данада күні және қабылдаушының аты-жөні жазылған кіріс корреспонденцияның мөрін қойыңыз, сосын алып кетіңіз. Екінші данасын ғимарат иесіне қалдырыңыз. • Бас тартылған жағдайда, ғимарат иесінің орналасқан жері бойынша аудандық сотқа зиянды өтеу туралы талап арыз дайындап жолдаңыз.