LiTRO жаңалықтар

ЖКО-ДАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ЖКО-ДАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ЖКО — сасқалақтамай, барлық мән-жайларды дұрыс тіркеу маңызды болатын күйзелісті жағдай. Дәлелдемелердің қаншалықты мұқият жиналғанына сақтандыру компаниясымен және ЖКО-ға кінәлі адаммен мәселені одан әрі реттеудің нәтижесі байланысты болуы мүмкін. Не істеу маңызды: - Қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз — көлік құралын дереу тоқтатыңыз (орнынан қозғалтпай), апаттық жарық сигнализациясын қосыңыз және апаттық тоқтау белгісін (жыпылықтайтын қызыл шамды) қойыңыз; оқиғаға қатысы бар заттарды жылжытпаңыз. - ЖКО туралы хабарлаңыз — полиция қызметкерлерін, қажет болса жедел жәрдем қызметін шақырыңыз. - ЖКО болған жерді тіркеңіз — көліктердің орналасуын, зақымдануларды, жол жағдайын, жол разметкасы мен белгілерін және оқиғаның басқа да мән-жайларын фото- және бейнеге түсіріңіз. Бейнетіркегіште жазба болса, оны сақтап қойыңыз. - ЖКО қатысушыларының деректерін тіркеңіз — аты-жөнін, байланыс деректерін, көлік құралдарының мәліметтерін және азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қай сақтандыру компаниясында сақтандырылғанын. Куәгерлер болса, олардың да байланыс деректерін сақтаңыз. - Әкімшілік материалдың көшірмесін алыңыз. ЖКО-ға кінәлі немесе жәбірленуші болғаныңызға қарамастан, сізде материалдың көшірмесін алуға құқығыңыз бар. - LiTRO компаниясына хабарласыңыз. Жол көмегі мамандары көлік құралы одан әрі жүре алмаған жағдайда оны эвакуациялауды ұйымдастырады. - LiTRO «АвтоАдвокат» қызметі жағдайды дұрыс бағалауға және сақтандыру компаниясы мен кінәлі адаммен дауды одан әрі реттеу үшін құжаттарды дайындауға көмектеседі. - Залалды бағалаудан өткізіп, барлық құжаттарды сақтаңыз: бағалаушының қорытындысын, түбіртектерді, хаттамаларды, схемаларды, фото- және бейнематериалдарды, ал көлік жаңа болса — ақаулық актісі мен кепілдік туралы анықтаманы. - Залал бағаланғанға дейін көлікті жөндеуге асықпаңыз, өйткені бұл төлемді жүзеге асырудан бас тартуға негіз болуы мүмкін. Неден бастау керегін білмейсіз бе? LiTRO АвтоАдвокат қызметіне хабарласыңыз. Мамандар жағдайды дұрыс бағалауға, ЖКО салдарын тіркеуге, дәлелдемелер мен құжаттарды жинауға көмектеседі және сақтандыру жағдайын реттеудің келесі кезеңдерінде сізге қолдау көрсетеді.