«МАЙ ЖЕГІШ» АВТОКӨЛІК
Майдың көп жұмсалуының негізгі 10 себебі және мұнымен не істеу керек? 1. Майдың иінді білік, үлестіруші білік және төсемелердің тығыздағыштары арқылы ағуы. Бұл элементтерді ауыстыру арқылы шешіледі. 2. Май қайтаратын қақпақтардың тозуы. Қақпақтарды алмастыру қажет. 3. Нақты бір қозғалтқыш үшін төмен сапалы майды немесе дұрыс емес тұтқырлықты пайдалану. Шешім қарапайым – өндіруші ұсынған майды құйыңыз. 4. Май радиаторының ағуы. Оны жою керек. 5. Картердің желдету жүйесінің бітелуі. Жүйені тазарту қажет. 6. Турбокомпрессор тығыздағыштарының тозуы. Оларды алмастыру қажет. 7. Клапан өзектері мен бағыттауыш жеңдердің тозуы. Оларды алмастыру қажет. 8. Поршеньдердің, цилиндрлердің тозуы. Бұл қазірдің өзінде қозғалтқышты күрделі жөндеу қаупін төндіреді. 9. Поршеньдік сақиналардың тозуы, сынуы немесе кокстелуі (қозғалғыштығының жоғалуы). Қозғалтқышты күрделі жөндеуді талап етеді. 10. Майдың салқындату жүйесіне ағуы. Егер төсеме зақымдалған болса – оны алмастыру жеткілікті, егер блоктың басында сызат пайда болса – қозғалтқышты жөндеу қажет болады. Автокөлік майды көп мөлшерде «жейтінін» байқадыңыз ба? Автосервис қызметіне баруды кейінге қалдырмаңыз.