LiTRO жаңалықтар

ҚАРАША АЙЫНДАҒЫ АВТОЛАЙФХАКТАР

ҚАРАША АЙЫНДАҒЫ АВТОЛАЙФХАКТАР

Мұзға қатып қалған есік тұтқалары, қозғалтқышты іске қосу проблемалары, қатып қалған қол тежегіші – бұл күн салқындаған кездегі автокөлік жүргізушілеріне үнемі кездесетін мәселелердің шағын ғана тізімі.   Алдын ала дайындалыңыз! • Шанақты алдын-ала, металды ылғал мен химияның ықпалынан қорғайтын балауыз қосылыстарымен өңдеңіз. Мысалы, сіз мұндай қызметке көлік жуу орнында тапсырыс бере аласыз. Немесе өзіңіз балауызды жылтыратқышты пайдаланыңыз. • Қатып қалған есік көліктің айналасында бірнеше минуттық жүйке тоздырар жүгіріске кепілдік береді. Сондықтан арнайы су өткізбейтін қосылыстарды –силикон майларын пайдаланыңыз. Олар резеңкенің бетін өңдеуге арналған және есіктердің қатып қалуына жол бермейді. • Көптеген автокөлік дүкендерінде сатылатын арнайы қаптамалардың көмегімен терезе тазалағыштарды қатып қалудан қорғауға болады. Олар резеңкелердің бетін ылғалдан қорғайды және терезе тазалағыштардың әйнекке жабысып қатып қалуына жол бермейді. Егер сіз қаптамаларға ақша жұмсағыңыз келмесе және олардың ұрлануынан қорқатын болсаңыз, онда сіз терезе тазалағыштарды силикон майымен сүртіңіз. • Жылыту үшін қолыңызға оттықты ұстап тұрмау үшін құлыптарды мұздан қорғау үшін алдын-ала күтім жасау керек. Автокөлік дүкендерінде сіз құлыптың өзегін сүртетін силикон майы бар арнайы спрейлерді таба аласыз. Олар судың құлыпта жиналуына жол бермейді және қозғалмалы механизмдерді қосымша майлайтын болады. • Жолдағы шұғыл техникалық көмектің 5070 нөмірін есте сақтаңыз. Келеміз, жылытамыз, оталдырамыз!!! Келісіңізші, таңертеңгі салқында көлікті айналып жүгіргеннен гөрі, үйде артық жарты сағат шай ішкен әлдеқайда жақсы емес пе.