LiTRO жаңалықтар

ЖКО КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

ЖКО КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

ЖКО тап болдыңыз ба? Не істеу керек? ✔️КҚ-ын дереу тоқтату (орнынан қозғалмау) ✔️зардап шеккендер жоқ екеніне көз жеткізу, егер бар болса, жедел жәрдем шақыру ✔️ескерту шамдарын қосу және апаттық тоқтату белгісін орнату, сондай-ақ ЖКО-ға қатысы бар заттарды ауыстырмау ✔️зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі бірінші медициналық көмек көрсету үшін мүмкін болатын шараларды қабылдау (егер бар болса), жедел медициналық көмек шақыру, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жолшыбай көлікпен жіберу, ал егер бұл мүмкін болмаса, өз КҚ-ны жақын жердегі ауруханаға жеткізу, өзінің тегін, КҚ-ның мемлекеттік нөмерін хабарлау және ЖКО орнына оралу ✔️егер ЖКО куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазу керек ✔️полиция қызметкерлерін (102 – егер зардап шеккендер болмаса / 112 – егер бар болса) және сақтандыру агенттерін/комиссарларын шақыру, олардың келуін күту Жолда мұқият және абай болыңыз!