LiTRO жаңалықтар

ҚЫСҚЫ АПГРЕЙД

ҚЫСҚЫ АПГРЕЙД

Қысқа дейін міндетті түрде істеп үлгеруге қажетті 7 зат. 1. Қысқы резина. Алғашқы қарды күтпей, шиналарыңызды қазір ауыстырып алыңыз. Жазғы резинаның жолмен ілінісуі +7°С өзінде нашарлайды. 2. Аккумулятор. Қыс – аккумулятор үшін қиын уақыт. Көлігіңіз суықта іске қосылмай тұрып, оның күйін және зарядтау деңгейін тексеріңіз. 3. Антифриз. Антифриз деңгейі қалыпты, ағып кетпейтініне және сұйықтықты ауыстырудың қажеті жоқ екеніне көз жеткізіңіз. 4. Жылыту жүйесі және қыздыру. Шыны, айна және салонды жылыту жақсы жұмыс істейтінін алдын ала тексеріңіз. 5. Шыны тазалағыш щеткалар. Егер тазалағыштар жұмыс істеп тұрған кезде шыныда су немесе кір жолақтары қалса, онда щеткаларды ауыстырған дұрыс. Өйткені, қыста тазалағыштар жазға қарағанда жиі және қарқынды жұмыс істейді. 6. Шанақтағы жарықтар мен сызаттар. Жол реагенттерімен араласқан қысқы ылғал металдың коррозия процестерін тездетеді. Сондықтан қыстың алдында лак бояу жабынының барлық кемшіліктерін дұрыстаған дұрыс. 7. Есік тығыздағыштары. Тығыздағыштарға түскен су оны шанақтың қозғалмалы бөліктеріне қатырады және есікті ашуға немесе әйнекті түсіріп көрген кезде резеңке жыртылады. Бұған жол бермеу үшін тығыздағыштарды силикон майымен өңдеңіз. Мұны қыста көлікті әр жуған сайын жасаған дұрыс.