LiTRO жаңалықтар

Автокөлігіңізді күзге дайындауға арналған ТОП 5 кеңес

Автокөлігіңізді күзге дайындауға арналған ТОП 5 кеңес

Коррозиядан қорғау Күздің ылғалы шанақтың коррозиясына әкеледі. Шанақты, әсіресе, желдетудің нашарлығынан ылғалды жинақтауы мүмкін жабық бөліктерді коррозияға қарсы заттармен өңдеңіз. Коррозияның алдын алу үшін шанақтағы терең сызаттар мен жарықтарды жойыңыз. Резеңкелі кілемшелер Текстильді кілемшелерге қарағанда резеңкелі кілемшелер салонда ылғалдың жиналуынан және жағымсыз иістерден құтылуға көмектеседі. Тәжірибесі көп жүргізушілерден алынған кеңес: орындықтың астына аздап силикагель қойып қойсаңыз, ол артық ылғалды өзіне сіңіріп алатын болады. Желқағарлар Әйнек желқағарларын орнатып алыңыз, ол өте қолайлы. Жаңбырлы күні терезеңізді аздап ашқыңыз келетін болса, тамшылар салонға кірмейтін болады. Ауа сүзгісі Ауа сүзгісінің жай-күйін тексеріңіз. Егер сүзгі бітеліп қалса, лас болса, онда салондағы ылғалдылық артатын болады. Айтпақшы, қозғалтқышты сөндірердің алдында терезені ашып, салонды аздап желдетіп алыңыз. Терезе сүрткіш Күз басталысымен ескі терезе сүрткішті ауыстырған жөн. Тәжірибесі мол жүргізушілер жаңбыр кезінде көріністің анық әрі жақсы болуы үшін «жаңбырға қарсы» спрейді пайдалануды ұсынады.