ЖОЛДА КӨЛІГІҢІЗ БҰЗЫЛДЫ МА? САРАПШЫ КЕҢЕСТЕРІ


Жолдағы көліктің бұзылуы - өте жағымсыз жағдай. Мұндай оқиға барлық жоспарларды бұзып, көңіл-күйге кері әсер етуі мүмкін. Өзіңізді және көлік құралын қорғауға көмектесетін бірнеше ережелерді есте сақтаңыз.⠀
1. Көлікті мүмкіндігінше жолдың оң жақ шетіне жақындатып тоқтатыңыз. Артқы жағынан соғылған жағдайда көліктің жолдың жүріс бөлігіне ұшып кетуін болдырмау үшін руль дөңгелегін оңға қарай бұраңыз.⠀ ⠀
2. Жолаушыларды оң есіктер арқылы шығарыңыз. Жолаушыларды көлікте қалдыру қауіпті.⠀ ⠀
3. Авариялық тоқтау белгісін КҚ-дан кемінде 30 метр қашықтықта орнатыңыз. Авариялық шамдарды және габариттік оттарды қосыңыз. ⠀
4. Бұзылу себебін анықтауға және оны өзіңіз жоюға тырысыңыз. Егер қолыңыздан келмесе, 5070 телефоны бойынша LiTRO жолдағы жедел техникалық көмек қызметіне қоңырау шалыңыз. Уақытты үнемдеңіз - көлігіңізді кәсіпқойларға тапсырыңыз.