LiTRO жаңалықтар

КЕРІ БҰРАЛҒАН ЖҮРІСТІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

КЕРІ БҰРАЛҒАН ЖҮРІСТІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Аз жүрілген автокөлік, өзіне ұқсас одометріндегі саны 100 мыңнан асатын өзге көлікпен салыстырғанда қымбатырақ тұрады. Сондықтан сатушылар көбінесе сатудың алдында жүрісті «кері бұрап тастайды».   Өкінішке орай, тексерудің 100% сенімді әдісі әлі күнге дейін жоқ. Бірақ жүрістің кері бұралғанын көрсететін бірқатар жанама белгілер бар.   1. Салонның қалпы жүріске сәйкес келмейді: шынтақ таяныштары, орындықтар, есік тұтқалары, беріліс қорабының тұтқасы, бақылау тақтасының түймелері айтарлықтай тозған.   2. Педаль төсемдерінің металға дейін айтарлықтай тозуы – бұл әдетте 100 мың км-ден кейін орын алады.   3. Капоттың астындағы агрегаттар мен тораптардың жай-күйі, тежегіш дискілердің тозуы да көрсеткіштер болып табылады.   4. ГБМ белдігі әдетте кем дегенде 100 мың км жүргенде ауыстыруды қажет етеді. Егер белдік жаңа болатын болса, оның себебін білу қажет.   5. Шеберлер көбінесе қозғалтқыштың майын ауыстыру туралы биркаларды алып тастауды ұмытып кетеді, онда соңғы мәліметтер жазылады. Сіз деректерді сервистік кітапшадан көре аласыз. Егер соңғысынан бастап одометрдің көрсеткіштері жоғарыламаса немесе кему жағына қарай өзгерсе – бәрі де белгілі болады.   Бір-екі жанама белгілерге байланысты сатушыны жосықсыз деп күдіктенуге әрине болмайды. Алайда, егер олар көп болса, бұл оның жүрістің шынайы екендігіне күмәндануға себеп болады.