ҚОЗҒАЛТҚЫШТАҒЫ ШУЫЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?


Қозғалтқыштағы шуыл — неге? 🧐
Шуылдың көптеген себептері болуы мүмкін және олар әртүрлі жұмыс тәртіптерінде пайда болулары ықтимал.
Біз сізге ең көп таралған себептер жазылған тізімді дайындадық: Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштағы тұрақты шуыл:
• генератор белдігі;
• салқындату жүйесінің помпасы;
• ГБМ элементтері;
• ГБМ шынжыры;
• иінді білік;
• иінді білік шкивінің диафрагмасы;
• байланыстырушы ішпектер;
• клапан;
• негізгі мойынтіректер;
• жанармай инжекторлары;
• дизельдердегі ЖҚЖС.
Оталдыру барысындағы шуыл:
• генератордың белдігінің созылуы;
• дизельдердегі білік мойынтіректері;
• гидрокомпенсаторлар;
• поршеньдер.
Қыздыру кезіндегі шуыл:
• поршеньдер;
• дизельді қозғалтқыштарда – иінді білік;
• гидрокомпенсаторлар.
Бос жүріс барысындағы шуыл:
• помпа;
• ГБМ шынжыры.
Газды басқан кездегі шуыл:
• генератор белдігі.
Жүктеме кезіндегі шуыл:
• фазалық ауыстырғыштар;
• клапан.
Майды ауыстырғаннан кейінгі шуыл:
• қозғалтқыш майы дұрыс таңдалмаған немесе ауыстырылған.
Руль дөңгелегін бұру кезіндегі шуыл:
• РГБ жүйесіндегі сұйықтықтың төмен деңгейі немесе оның сорғысының істен шығуы.