LiTRO жаңалықтар

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН НЕ СЕБЕПТІ АЙЫРУ МҮМКІН?

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН НЕ СЕБЕПТІ АЙЫРУ МҮМКІН?

Қауіпсіздік ережелерін бұзып, қарсы жолаққа шығу немесе жыл ішінде қайталанған жол-көлік оқиғасына әкелетін қауіпті жағдай туғызу – жүргізуші куәлігінен 6 айға айыру. Егер қарсы жолаққа шығу мүлікке залал келтірсе – 9 айға айыру. Жыл ішінде мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізуді қайталау – жүргізуші куәлігінен 1 жылға айыру немесе 20 АЕК айыппұл. Көлік құралының жалған нөмірін пайдалану немесе нөмірді әдейі жасыру – жүргізуші куәлігінен 1 жылға айыру және 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау, не болмаса (қамауға жатпайтын тұлғаларға) 40 АЕК айыппұл. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйінде көлік жүргізу немесе масаң адамға көлік жүргізуді беру – жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру + 15 тәулік әкімшілік қамау. Жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – жүргізуші куәлігінен 8 жылға айыру + 20 тәулік әкімшілік қамау. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдыққа медициналық куәландырудан өтуден бас тарту – жүргізуші куәлігінен 8 жылға айыру + 15 тәулік әкімшілік қамау. Жол-көлік оқиғасын жыл ішінде қайталау немесе жеңіл зиян келтірген ЖКО – жүргізуші куәлігінен 9 айға айыру немесе 40 АЕК айыппұл. ЖКО нәтижесінде мүліктік зиян немесе жеңіл зиян келтірілген және ол масаң күйде жасалған жағдайда – жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру + 20 тәулік әкімшілік қамау. Жыл ішінде қайталап жасалса – жүргізуші куәлігінен 9 жылға айыру + 25 тәулік әкімшілік қамау. ЖКО орнынан кетіп қалу – жүргізуші куәлігінен 1 жылға айыру немесе 50 АЕК айыппұл. Жыл ішінде бірнеше рет ІІО, ӘП немесе көлік бақылау қызметкерінің тоқтату туралы заңды талабын орындамау – жүргізуші куәлігінен 1 жылға айыру немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау. Темір жол өткелінде жол ережесін бұзуды жыл ішінде қайталау – жүргізуші куәлігінен 6 айға айыру. Егер мүлікке зиян келтірілсе – 9 айға айыру. Сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған адам жазаның бүкіл мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралын жүргізуге құқылы емес. Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын қайтару мүмкін емес.